
Портфолио
Ерик Іңкәр
Менің есімім — Ерик Іңкәр. Мен 2008 жылдың 18 қарашасында дүниеге келдім. Бала кезімнен өнерге, шығармашылыққа және әсемдік әлеміне ерекше қызығушылық таныттым.
Өткенім — мақтанышым, бүгінім — мүмкіндігім, ал болашағым — өз қолымда!
- Өнер
- Білім
- Шығармашылық
- Көшбасшылық
Өмір жолым
2014 жылы мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне алғашқы қадамымды жасадым. Мектеп қабырғасында білімге құштарлығыммен, белсенділігіммен, жауапкершілігіммен және ұйымдастырушылық қабілетіммен көзге түстім. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына атсалыстым. Өзіме артылған сенімді ақтап, төрт жыл қатарынан "Мектеп президенті" атану мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды. Бұл кезең маған көшбасшылықты, табандылықты, адамдармен тіл табысуды және кез келген істі соңына дейін жеткізуді үйретті. Өнерге деген қызығушылығым да мектеп жылдарында ерекше дамыды. Әсіресе сурет салу мен шығармашылық жұмыстар менің жан дүниеме жақын болды. Себебі мен үшін өнер — жай ғана әдемілік емес, ол адамның ішкі сезімін, ойын және дүниеге деген көзқарасын жеткізудің ерекше жолы. Әрбір туындыдан өз қолтаңбамды қалдырып, қиялымды шынайы дүниеге айналдыруды ұнатамын.
Жетістіктерім мен білімім
- 2026 — қазіргі уақытПодробнее
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Білім грантының иегері · Студент
- 2026 жылы мектепті "Алтын белгімен" тәмамдадым.
- Университеттің білім грантының иегері атандым.