
әлеуметтік қолдау платформасы
Qamqor — Әлеуметтік қолдау
Басты бет
Әлеуметтік жұмыс — бұл қоғамдағы әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды мамандық. Сайттың негізгі мақсаты — халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету жолдарын түсіндіру және әлеуметтік қызметтің маңыздылығын насихаттау.
Әлеуметтік жұмыс туралы
Әлеуметтік жұмыс — жеке тұлғалардың, отбасылардың және топтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналған кәсіби қызмет. Міндеттері: әлеуметтік әділетсіздікті жою, көмекке мұқтаж жандардың құқықтарын қорғау, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Негізгі бағыттарына халықты әлеуметтік қорғау, психологиялық-педагогикалық қолдау және құқықтық көмек кіреді.
Әлеуметтік қолдау түрлері
Қарт адамдарға көмек
ТегінҮй жағдайында күтім жасау, әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау
ТегінОңалту шаралары, арқылы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету.
Балалар мен жасөспірімдер
ТегінҚорғаншылық және қамқоршылық органдарының қолдауы, білім алуға жәрдемдесу.
Аз қамтылған отбасылар
ТегінМатериалдық көмек, азық-түлік және киім-кешекпен қамту.
Жұмыссыз азаматтар
ТегінЖұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, қайта даярлау курстары.
Практикалық жағдайлар
- 11-жағдай: Жалғызбасты қарт адамға көмекҚарт азаматтың әлеуметтік көмек алуға құжаттарын жинауға көмектесу және әлеуметтік қызметкердің қатысуымен күндізгі күтім орталығына орналастыру.
- 22-жағдай: Мүмкіндігі шектеулі баланы оңалтуАта-аналарға арнайы медициналық-әлеуметтік мекемелермен байланыс орнатуға және мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеуге кеңес беру.
- 33-жағдай: Жұмыссыз азаматты қолдауХалықты жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындарына жолдама алу және қысқа мерзімді курстарға жазылу.
Кәсіби этика
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметі қатаң этикалық қағидаттарға негізделеді:Құпиялылық — қызмет алушы туралы ақпараттың жария етілмеуін қамтамасыз ету.Жауапкершілік — әрбір іс-әрекет үшін кәсіби деңгейде жауап беру.Эмпатия — көмек сұрап келген адамның жағдайын түсініп, жүрекпен қарау.Адам құқықтарын құрметтеу — барлық азаматтардың теңдігі мен қадір-қасиетін жоғары қою.
Тест бөлімі: Әлеуметтік жұмыс негіздері
Әлеуметтік жұмыс тақырыбы бойынша біліміңізді тексеріңіз