Marklet
Ботай этно-ауылының жаңа көрінісі

страница

«Ботайға саяхат» этно-ауылының моделі

Этно-ауылды Солтүстік Қазақстанның қай жеріне орналастырған тиімді?

Ботай этно-ауулын Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына, Ботай қонысы маңына орналастыру тиімді. Бұл аймақ – тарихи жәдігерге бай, табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары өңір. Қолжетімділігі жақсы, жол қатынасы бар, экологиялық таза аймақ. #Қызылжар ауданы, Ботай қонысы #Табиғаты әсем, экологиялық таза #Жақсы жол қатынасы #Туризм мен ғылым үшін қолайлы

Туризм мен ғылым үшін қолайлы тарихи-мәдени аймақ.

Ботай мәдениетінің тарихы

Ботай (Ботай -Терсек) мәдениеті адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай қонысы б.з.б 3700-3100 жылдары өмір сүрді. Ботайлықтар мыс қорытуды білмеді, бірақ тастан және сүйектен құрал жасауды жақсы меңгерді. Олар ағаш бөренеден жартылай дөңгелек баспана тұрғызып, оның жіктерін шөппен және мүкпен тығыздап бітеді. Төбесін сазбалшықпен сылап, шыммен жауып, түтін шығатын тесік қалдырды. Ботайлықтар жылқы өсірумен айналысты. Олардың жылқыны қолға үйретуі мен атқа салт мінуін Ботай қоныстарынан табылған ат әбзелдері, тұсауға арналған ілмектер мен басқа да заттар дәлелдейді. Б.з.б ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалтты. Бұған табиғаттың қуаңшылыққа ұшырауы және жылқы басының азаюы себеп болды. Ботайлықтар өз қоныстарын тастап, Оңтүстік Орал мен Шығыс Қазақстандағы балық аулау мен аңшылықты кәсіп еткен тайпалар арасына сіңіп кетті.

  • Б.з.б 3700-3100 жылдар
  • Энелит дәуірі
  • Алғашқы жылқы өсірушілер

Ботай (Ботай-Терсек) мәдениеті – адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті.

Ботай мәдениеті өкілінің бет-бейнесі

Ғалымдар 5400 жыл бұрын өмір сүрген энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетінің өкілінің бет-бейнесін толық қалпына келтірді. Бұл адам жер бетінде жылқыны алғаш қолға үйреткендердің бірі саналады.

  • Ботай өкілі
  • Энеолит дәуірі
  • Ғылыми жаңалық

Ғалымдар 5400 жыл бұрын өмір сүрген Ботай мәдениеті өкілінің бет-бейнесін толық қалпына келтірді.

Ботай өкілінің сырт келбеті

Реконструкция нәтижесі оның сырт келбеті өте ерекше болғанын көрсетті. Ол негізінен европеоид нәсілді, бірақ айқын шығыс еуразиялық (монғолоид) белгілері байқалады. Қою қара шаш, қара көз, бадам пішінді көз қиығы шығыстық сипатқа жақын болса, бас сүйегінің формасы, бет сүйектерінің ені европеоид ерекшеліктерін көрсетеді. Осындай аралас фенотип кейінірек тұрандық немесе орталықазиялық антропологиялық типтің қалыптасуына негіз болған. Бүгінде бұл тип қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар және аймақтың басқа да халықтарына тән.

  • Ботай өкілі
  • Антропология
  • Сырт келбеті

Осындай аралас фенотип кейінірек тұрандық немесе орталықазиялық антропологиялық типтің қалыптасуына негіз болған.

Ботай халқының генетикасы мен антропологиясы

Генетикалық тұрғыдан Ботай адамдарының шамамен 80 пайызы көне сібірлік компонентінен тұрған, қалған бөлігі шығыс еуразиялық және аз мөлшердегі батыс еуропалық аңшы-жинаушылар қаны. Сол кезеңде Ботаймен қатар батыста, Қаратеңіз–Каспий далаларында ям мәдениеті өмір сүрді (б.з.д. 3300–2600 жж.). Бұл – классикалық европеоидтар, олардың генетикалық негізін батыс еуразиялық тармақтар құрады. Олар кейін Еуропа мен Оңтүстік Азия халықтарының индоевропалық тобының ата-бабаларына айналды. Ал III–V ғасырларда Минусин ойпатында пайда болған таштық мәдениеті керісінше айқын монғолоид сипаттағы халық болды.Осылайша, Ботай мәдениеті антропологиялық тұрғыда аралық кезеңді көрсетеді. Дәл осы 5–6 мың жыл бұрынғы уақыт Орталық Азия даласында бүгінгі түркі халықтарына тән аралас орталықазиялық типтің қалыптаса бастаған кезеңі саналады.Ботай мәдениеті – әлемдегі алғашқы жылқышылар. Олардың қоныстары жартылай отырықшы болған. Тек Ботай қалашығының өзінде 160-тан астам жартылай жеркепе анықталған. Тағамның негізгі бөлігі жылқы еті мен сүті болған. Тұрғын үйлер маңынан табылған қора-қопсы орындары мен көп мөлшердегі жылқы тезегі – жылқының қамауда ұсталғанының нақты дәлелі.

  • Ботай генетикасы
  • Антропология
  • Жылқышылар

Ботай мәдениеті – антропологиялық тұрғыда аралық кезеңді көрсететін әлемдегі алғашқы жылқышылар мекені.

Этно-ауылдың карта-схемасы

Этно-ауыл аумағында негізгі нысандар орналасқан: «Ботай тұрғынының үйі» — ежелгі тұрмыс, күндізгі өмір «Көне шеберлермекені» — қолөнер, ұлттық шеберлік «Қымызхана» — дәстүрлі тағамдар, қымыз

  • Ботай тұрғынының үйі
  • Көне шеберлермекені
  • Қымызхана

Адрес

Ботай қонысы, Солтүстік Қазақстан облысы

«Тірі тарих» деген не және ол этно-ауылда қалай жұмыс істейді?

«Тірі тарих» — бұл өткен дәуірдің өмірін, тұрмысын, мәдениетін заманауи форматта, тікелей тәжірибе арқылы сезіндіру. Яғни, тарих тек кітапта ғана емес, адамдардың көз алдында «жанданады».

«Тірі тарих» – өткеннің дауысы, болашақтың рухани қазынасы!

Этно-ауылда «Тірі тарих» қалай жұмыс істейді?

  1. 11. Көрсету және түсіндіруТарихи киім киген гидтер, шеберлер қонақтарға Ботай мәдениетін, тұрмысын, дәстүрін көрсетеді.Толығырақ
  2. 22. Қолөнер шеберлігіҚонақтар көне технологиялармен танысып, қолөнер бұйымдарын жасауға қатыса алады.
  3. 33. Шынайы тәжірибеҚымыз ішу, ұлттық ойындар, жануарлармен танысу, атқа міну — бәрі де «тірі тарихтың» бір бөлігі.
  4. 44. Білім беру және іс-шараларМектеп оқушыларына, туристерге арнайы бағдарламалар, тарихи квестер, шеберлік сабақтары өткізіледі.