Marklet

әдістемелік нұсқаулық

Тәжірибелік үлгілерді таңдау принциптері және үлгі алу

Топырақтағы зерттеу модельдері

Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізгенде ең маңыздысы зерттеу модельдерін таңдау.

  • Тәжірибелік үлгілер
  • Физика-химиялық әдістер

Зерттеу модельдеріне төмендегідей талаптар қойылады: 1. Тәжірибелік модельдердің зерттеу аймақтарында кең таралуы; 2. Модельдердің ғылыми зерттеу жұмысын талаптарына сай болуы; 3. Зерттеу модельдерінің зерттеу үшін өте қауіпті болмауы; 4. Алынған материалдардың өңдеуге келетіндігі.

Жер қыртысының үлгісін алу шаралары

  1. 1Үлгілерді алу үшін, әрқайсысы 25 шаршы метр болатын 2 алаңды таңдайды бірінші, ластау көзіне жақын жерде, екіншісін одан алшақ жерде.
  2. 2Үлгілерді әрқайсысы 1кг-ға дейінгі 5-8 бөліктен диагональ бойынша бұрғымен немесе күрекпен алады. Үлгі алу тереңдігі, алда қойылған мақсатқа лабораториялық зерттеу түріне байланысты, бірнеше тереңдіктен алынады: 0-25м.ге дейін, 0,75-1м.ге дейін, 1,75-2м.ге дейін.

Үлгілерді өңдеу және консервілеу

Жер қыртысы үлгілерін тығынмен жабылатын ыдысқа немесе кленкалы қаптарға салынады, банкалар мен қаптарды, үлгілерді алған жері және уақыты, тереңдігі, оларды алу уақытындағы метеорологиялық ерекшелігі көрсетілген жолдама құжатын жазады. Лабораторияда үлгілерді мұқият араластырып, өлшеп әр түрлі керексіз заттардан: шыны, тас тазалап, тесіктерінің диаметрі 3 мм болатын, илеуішпен илейді. Зерттеу мақсатына байланысты, жер қыртысын табиғи түрінде немесе үлгіден құрғақ күйінде зерттейді. Үлгіден құрғақ күйіне келтіру үшін, оларды жақсы желденетін бөлмеде кептіреді. Жаңа алынған табиғи жер қыртысын зерттеуді үлгілерді алғанға дейін, сол мезетте жүргізеді немесе үлгілерді 0° температурада консервілейді. Консерванттар ретінде хлороформ (CHCL3) және толуолды қолдануға болады. Консервіленген үлгіде бірнеше күнге дейін сақтауға болады.

Суда зерттеу жұмыстары мен ережелер

Ауыз судың сапасы, су көздерінің суларын басқа da сулардан ғылыми зерттеу жұмысына үлгі алғанда төмендегідей ережелерді ұстанады: - толық зерттеу схемасы; - қысқаша зерттеу схемасы; - күнделікті зерттеу схемасы. Су үлгілерін алу, судың және су көзінің сапасын анықтау үшін үлгілерді бір маусымда, ең кемі үш қайта алу қажет. Химиялық зерттеуге су үлгілерін, таза жуылған ыдысқа, батометр арқылы алу керек. Судың үлгілерін, зерттеу көлеміне байланысты сыйымдылығы 2-5л.ге дейін шыны немесе коркалық тығынмен тығыз жабылатын шөлмектермен алады. Шөлмектерді 2-3 рет зерттелетін сумен шайып, үстіңгі бетінде 10-15 мл ауа кеңістігі қалғанша толтырады. Үлгілерді краннан алғанда, суды 10-15 минут ағызу керек. Ал, артезиандық скважиналарда бірнеше сағат бойы.

Су үлгілерін консервациялау және сақтау

Сенімді мәліметтерді алу үшін, алынған үлгілер мүмкіндігінше тез арада тексерілу қажет. Өйткені жылы кезеңдерде микрофлораның тіршілігінің салдарынан судың физикалық-химиялық көрсеткіштері өзгеруі мүмкін. Сондықтан иісті күкіртті сутегін, судың pН, судағы оттегі мөлшерін, көміртегі қышқылын суда анықтаған жөн. Төмеңгі температура судың химиялық құрамының өзгеруін, 72 сағатқа, аздап ластанған судың 48 сағатқа, ластанған судың құрамын 12 сағатқа дейін кідіртеді. Зерттеуді жақын арада 2-4 сағатта зерттеуге мүмкіндік болмаса, үлгілерді консервациялау керек. Ол үшін, егер суда аммонийлік азот, тұздар, химиялық, биологиялық тотықтану тексерілетін болса, зерттелетін үлгіге 1л.ге суға 2 мл 25%-тік күкірт қышқылын қосады, басқа қосылыстар үшін 1л суға 1 мл хлороформ қосады. Зерттеуге үлгіні судың бетінен, ортасынан, түбінен алады. Ластанған объектіні алу үшін ластану көзіне 500м.ге дейін және ластану көзінен 500 м. кейін қашықтықта алады.

Су құрамының физика-химиялық көрсеткіштері

Әсіресе су сапасы қатаң нормаланады. МемСТ 2874 - 82 бойынша ауыз су сапасы нормативтердің үш тобымен бағаланады, оларды сақтау судың қолайлы органолептикалық қасиеттерін (органолептикалық көрсеткіштерді), химиялық құрамының зиянсыздығын (санитарлық-токсикологиялық көрсеткіштерді), және судың эпидемиологиялық қауіпсіздігін (бактериологиялық көрсеткіштерді) қамтамасыз етеді.